
Ақпарат үшін
«ARTS ACADEMY» Ғылыми журналы – отандық өнердің барлық түрлерін насихаттауға және дамытуға, сондай-ақ жаңа білімді халықаралық мәдени кеңістікке енгізуге бағытталған Қазақ ұлттық хореография академиясының ғылыми журналы. Журналдың ғылыми бағыты – "Өнер".
ISSN: 2523-4684 | e-ISSN: 2791-1241
Есепке қою туралы куәлік: № KZ77VPY00045494, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен 2022 жылғы 02 ақпанда берілген (08.07.2025 жылғы № KZ10VPY00123718 қайта есепке қою туралы).
Журналдың шығу жиілігі: жылына 4 рет.
Журнал электронды форматта жарияланады. Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚЕ комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне кіреді (02.03.2026 ж. №46 бұйрық).
Журналдың тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
Журналға ұсынылған мақалалар екіжақты жасырын рецензиялау процедурасынан өтеді және плагиатқа тексеріледі.
«Arts Academy» ғылыми журналы электрондық нұсқада шығарылады. Электрондық нұсқасы журналдың ресми сайтында және ғылыми-метрикалық деректер базаларында орналастырылады. Баспа нұсқасы авторлардың сұранысы бойынша ұсынылады.
"Қазақ ұлттық хореография академиясы" ШЖҚ РМК журнал құрылтайшысы
















