
ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ КАЗАХСКОГО КУКОЛЬНОГО ТЕАТРА В КОНТЕКСТЕ ТВОРЧЕСКИХ ПОИСКОВ МИРОВОГО ТЕАТРАЛЬНОГО ПРОЦЕССА
Г. Жумасеитова, А. Сабит
Загрузки
Ключевые слова:
современное искусство, кукольный театр, мультимедиа, интерактивная сценография, технологические инновации.Аннотация
Қуыршақ театры бойынша зерттеу барысында
театрдың режиссерлік әдістері мен жаңа сахналық формалары қарастырылып, әлемдегі алдыңғы қатарлы театр труппаларының тәжірибелері талданды. Мақала қуыршақ театрының тек балаларға арналған өнер емес, әлеуметтік, философиялық және психологиялық мәселелерді қозғайтын күрделі театрлық құбылыс екенін көрсетеді. Сонымен қатар, оның болашақтағы даму перспективалары, жаңа технологиялар мен эксперименталды тәсілдер арқылы кеңею мүмкіндіктері сараланады. Нақтырақ айтқанда, қуыршақ өнерінің кино, би, визуалды инсталляциялар және жаңа медиа құралдарымен синтезделу үдерісі зерттеледі. Жаңа технологиялар қуыршақтарды тек механикалық қозғалыспен шектемей, иммерсивті театр тәжірибелеріне ұласуына мүмкіндік береді. Қазақ қуыршақ театрының ілгері дамып, әлемдік үрдістермен үндесу қажеттілігі айтылып, театрдың көркемдік әлеуетін кеңейту үшін ұлттық фольклор мен заманауи технологияларды ұштастырудың маңыздылығы атап өтіледі. Зерттеу қуыршақ өнерінің шекараларын кеңейтіп, көрерменмен жаңа қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін өркендетіп, дәстүр мен жаңашылдықтың тоғысқан алаңы ретінде дамытуға бағытталған.




